Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Онда Беларусьтің ҰҚШҰ-ға төрағалығының қорытындысы шығарылды. Отырысқа қатысушылар ұжымдық қауіпсіздік өңірлеріндегі әскери-саяси жағдайды және сессияаралық кезеңдегі Ұйым қызметінің басымдықтарын талқылады.
Бірлескен отырыста ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын қозғайтын құжаттардың жобалары мақұлданды.
Өз кезегінде, қазақстандық тарап кездесуге қатысушыларды Қазақстанның 2024 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалық ету кезеңіндегі қызметтің басым бағыттары туралы хабардар етті.