Қазақстан мен Болгарияның Бизнес-қоғамдастықтары ынтымақтастық жолдарын іздеуде

12837
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Болгариядағы Елшілігі Болгар қорғаныс өнеркәсібі қауымдастығының қолдауымен «Қазақстанның өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастығы және инвестициялық мүмкіндіктері» тақырыбында 40-тан астам болгар бизнес өкілдерімен кездесу ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев қатысушыларды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен саяси және экономикалық реформалар, инвестициялық ортаны жақсарту жөніндегі Үкімет шаралары, сондай-ақ көлік және логистика, АӨК, туризм, өнеркәсіп және т.б. салалардағы ынтымақтастықты дамыту үшін қолда бар мүмкіндіктер туралы хабардар етті. Қазақстандық дипломат сауда қатынастарын арттырудағы және екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды жолға қоюдағы Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің өсіп келе жатқан рөлін ерекше атап өтті.

Сонымен қатар, кездесу барысында болгар бизнесіне еліміздің инвестициялық мүмкіндіктері, атап айтқанда шетелдік инвесторлар үшін жаңа ашылып жатқан тауашалар, мемлекеттік қолдау шаралары, Қазақстанда инвестициялық жобаларды іске асыруға дайын компаниялар үшін Үкімет жасап жатқан қолайлы жағдайлар туралы таныстырылды.

Өз кезегінде, Болгария Қорғаныс өнеркәсібі қауымдастығының төрағасы К.Серафимов мұндай іс-шараларды өткізу одан әрі жемісті ынтымақтастыққа серпін беретіндігін,  Қазақстан мен Болгарияның бизнес-қауымдастықтары арасында байланыс орнатуға жаңа мүмкіндіктер ашатындығын атап өтті.

Кездесу барысында сондай-ақ Болгарияның бизнес-қауымдастықтары мен іскер топтарының өкілдері таныстырылымдар жасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -