Қазақстан Ғылым қоры Horizon Europe бағдарламасының стратегиясын әзірлеуге белсенді қатысады

11869
Фотосурет: Ғылым және жоғары білім министрлігі

Бұл күндері ғылымды коммерцияландыру саласындағы сарапшылар мен Ғылым қорының қызметкерлерінен құралған қазақстандық делегация Қазақстанның ғылым, инновациялар мен технологиялар саласындағы халықаралық мүдделерін білдіру мақсатында Брюссель қаласында Horizon Europe (ЕО ғылым және инновация бойынша рамалық бағдарламасы) Ұлттық Үйлестірушілердің 5-ші кездесуіне қатысуда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жыл сайын бұл іс-шара Еуропалық Одақ елдерінің ғана емес, бүкіл әлемнің ұлттық үйлестірушілерін біріктіреді.

Басқарма төрағасы Әбділда Шәменовтың жетекшілігімен Ғылым қорының Қазақстандағы Ұлттық үйлестіру орталығы ретінде қатысуы бағдарлама стратегиясын әзірлеуге, ЕО-дағы ғылым мен инновациялар жөніндегі саясатты тереңірек түсінуге, сондай-ақ зерттеушілердің дағдыларын дамытуға және технологияларды коммерцияландыруға байланысты ғылыми-зерттеу жобаларын басқару мәселелерін талқылауға қатысуға мүмкіндік береді.

Іс-шара ғылыми-зерттеу қызметін басқару және технологияларды коммерцияландыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі жоба шеңберінде шешуші рөл атқарады.

Сондай-ақ, бағдарламаның басым салаларымен, Орталық Азия елдерімен үйлестірумен, сондай-ақ білімді таратумен айналысатын офицерлермен бірқатар кездесулер жоспарлануда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -