Новороссийск элементтердің тұтқында: дауыл мұнайды ауыстырып тиеуді тоқтатады

5588
Фотосурет: Максим Бессалый (eyemaxi)

2023 жылғы қараша айында Новороссийсктегі теңіз терминалында дауылға байланысты бірнеше мәрте ауыстырып тиеуге қатысты шектеулер жарияланды, КҚК шектеулерді мүлтіксіз орындады.

Еске салсақ, КҚК Теңіз терминалында мұнайды тиеп жөнелту жағалық сызықтан 5 км қашықтықтағы шығарылатын айлақ құрылғылары (ШАҚ) арқылы әрі өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік талаптарын бұлжытпай орындай отырып жүзеге асырылады. ШАҚ құрылымы қолайсыз ауа райы жағдайында, яғни мұнайды тиеп жөнелтуге арналған дәстүрлі жағалық жүйелер операциялық қызметін тоқтатуға мәжбүр болатын кезде ауыстырып тиеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Новороссийск аймағында аса қолайсыз ауа райы жағдайы туындап отыр: желдің жылдамдығы 22-24 мс-ке (79.2 кмч) дейін жетуде, толқын биіктігі болжам бойынша 6-8 метрді құрайды.

Новороссийск теңіз портының капитаны дауылды ескерту жариялады, соған сәйкес КҚК Теңіз терминалында мұнайды тиеу тоқтатылды, танкерлер күту аймақтарына шығарылды. Компанияның резервуарлар паркі толы дерлік. Осыған байланысты жүк жөнелтушілерден мұнай қабылдау төмендетілген режимде жүзеге асырылуда.

КҚК Қара теңізде орналасқан консорциумның Теңіз терминалындағы жабдықтарды пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ мұнай төгілуіне байланысты апаттық жағдайларға жол бермеу мәселесі бойынша ымырасыз ұстанымына берік. Осы мақсатқа сай және тиісті ұйғарымдарға сәйкес қазіргі уақытта мұнайды ауыстырып тиеу тоқтатылған болатын, және алдағы уақытта да осыған ұқсас жағдай орын алған кезде осындай шара қолданылатын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -