Мәдени алмасу: Рождество жәрмеңкесінде Қазақстан мен Эстония

4928
Фотосурет: Gov

Эстония президенті Таллиндегі жәрмеңкеде қазақстандық стендпен танысты​​​​​​​, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның Елшілігі Эстониядағы қазақ қоғамдастығымен бірлесіп Таллиннің Халықаралық әйелдер клубы ұйымдастырған 18-ші Халықаралық Рождестволық қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысты.

Жәрмеңкеге келушілердің қызығушылығын ұлттық мәдениет элементтері бар кәдесыйлар, салт-дәстүрлер мен күнделікті тұрмыс туралы танымдық кітаптар, аспаздық өнер үлгілері бейнеленген Қазақстан стенді қызықтырды.

Аталған стендтің құрметті қонақтарының ішінде Эстония Президенті Алар Карис пен оның жұбайы болды. Барлық түскен қаражат балалар мен әйелдерге арналған жергілікті қайырымдылық ұйымдарға беріледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -