Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі Ақылбек Камалдиновтың Хорватияның шығыс аймағына Славонияға жұмыс сапары өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Аймақ басшысының міндетін атқарушы Мато Лукичпен кездесу барысында тараптар ауыл шаруашылығы, IT және туризм саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларын қанағаттанушылықпен атап өтті. Келесі жылдың қаңтарында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Хорватия үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысы шеңберінде өткізілетін бизнес-форумға ірі өңірлік компаниялардың қатысуы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қазақстандық дипломаттың Осиек қаласының (аймақ астанасы) мэрі Иван Радичпен кездесуі барысында экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды жолға қою жөнінде пікір алмасты. Екіжақты сауда мен инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелері, екі елдің қалалары арасында бауырластық байланыстар орнату перспективалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Осиек қаласында Құрметті консулдығын ашу жоспарлары қозғалды.
А. Камалдинов сауда-өнеркәсіп палатасы басшылығымен және өңірдің бизнес-топтарының өкілдерімен іскерлік байланыстарды жандандыру жолдарын талқылады. ҚР Елшісі хорватиялық бизнесті Қазақстанның индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық даму жобаларына белсенді қатысуға шақырып, бизнес-климат пен инвестициялық тартымдылықты жақсарту бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларға егжей-тегжейлі тоқталды. Біздің елге барғысы келетін Хорватия азаматтары үшін визасыз режим туралы түсініктемелер берілді.
Хорватияның Žito d.o.o. және Valpovo d.o.o. атты жетекші агроөнеркәсіптік компанияларын аралау барысында қазақстандық тауар өндірушілермен іскерлік байланыстар орнату, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері қаралды. Қазақстандық аграрийлердің өнімдерін еуропалық нарықтарға шығару үшін осы компаниялардың әлеуеті мен мүмкіндіктерін өзара тиімді пайдалану перспективалары зерделенді.
Сонымен қатар, қазақстандық елші Осиек қаласында ұйымдастырылып жатқан IT хабтың құрылыс алаңына барып, оның қызметінің мақсаттары мен міндеттері туралы хабардар болды. Өз кезегінде өңірдің IT индустриясының өкілдері Astana Hub әлеуеті мен мүмкіндіктерін таныстырып, екі орталық арасында екіжақты байланыс орнатудың орындылығын атап өтілді.