Стратегиялық әріптестік: Қазақстан мен CITIC-CNS негізгі жобалар туралы уағдаласады

7326
Фотосурет: Gov

ҚР Энергетика Вице-министрі Е. Ақкенженов CITIC және CNPC компаниясының басшыларымен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстан Республикасының Энергетика Вице-министрі Ерлан Ақкенженов ағымдағы жылдың 22-24 қарашасында Бейжің қаласына (ҚХР) жұмыс сапары барысында CITIC Resources компаниясының басшылары Хао Вейбао және CNPC Жэнь Лисиньмен кездесті.

ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Шымкент мұнай өңдеу зауытында және Ақтау битум зауытында өндірістік қуаттарды ұлғайту жөніндегі жобаларды іске асыру шеңберінде CITIC Group және CNPC стратегиялық әріптестерімен ынтымақтастықты нығайтуда.

Кездесу барысында Е. Ақкенженов аталған жобаларды іске асыру біздің еліміз үшін стратегиялық маңызды болып табылатынын, ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге, сондай-ақ битум тапшылығы проблемасын шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар, аталған жобалар үшін белгіленген тәртіппен ҚР Үкіметі тарапынан мемлекеттік қолдау шараларын қолдану көзделген.

Сапар қорытындысы бойынша іс-қимыл жоспарларына сәйкес қатысушылардың міндеттемелері мен талаптарын ескере отырып, жобаларды одан әрі іске асыру шеңберінде бірлескен жұмыс туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -