Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сергей Карплюк Стамбулда өткен «Инклюзивті және орнықты дамуға арналған мемлекеттік қаржыландыру: стратегиялық бюджеттік бастамалар мен фискалдық саясаттың рөлі» атты жаһандық конференцияға қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.
Шара барысында түрлі елдердің Парламент мүшелері мен қаржы мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ БҰҰ және бірқатар халықаралық қаржы ұйымдарының сарапшылары БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудегі мемлекеттік қаржыландырудың рөлін талқылады.
Конференцияға қатысушылар ОДМ-ға қол жеткізуді жеделдетудегі бюджеттік жоспарлаудың ұлттық жүйелерін реформалау тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ әлеуметтік қамсыздандыру, климаттың өзгеруі, гендерлік теңдік және т. б. салалардағы бағдарламаларды қаржыландырудың жаңа интегративті тәсілдері туралы айтты.