Қазақстан мен Испания дипломатиялық қызмет саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

15697
Фотосурет: ҚР СІМ

ҚР СІМ Адам ресурстары департаменті шет елдердің кадр және дипломатиялық қызмет саласындағы тәжірибесін зерделеуді жалғастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Атап айтқанда, Испания Корольдігі Сыртқы істер, ЕО және ынтымақтастық министрлігі Дипломатиялық қызмет мәселелері жөніндегі Бас директоры Ильда Хименеспен және Дипломатиялық академиясының директоры-Елші Сантьяго Миралеспен кездесулер өткізілді.

Кездесу барысында сыртқы саяси ведомстволардың кадрлық мәселелері бойынша тәжірибе алмасу өтті. 

Қазақстандық тарап ҚР дипломатиялық қызметі персоналының біліктілігін арттырудың іске асырылып жатқан бағдарламалары және қолданыстағы сыртқы және ішкі ротация жүйесі туралы ақпарат ұсынды.

Испан тарапы өз кезегінде Корольдіктің Сыртқы істер министрлігі мен шетелдегі мекемелерінің қызметкерлерін шет мемлекеттерде тағайындау рәсімінің ерекшеліктерін, сондай-ақ болу елінің дипломатиялық академиясында өткізілетін курстар мен тренингтерді ұйымдастыру процесін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -