Ташкенттегі II Жаһандық форум: негізгі тақырыптар мен талқылаулар

18271
Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары Ольга Перепечина Орнықты даму мақсаттарын іске асырудағы парламентаралық ынтымақтастықтың жаһандық II форумына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сенат Төрағасының орынбасары басқа елдердің әріптестерімен бірлесе отырып 2030 жылға дейінгі Жаһандық күн тәртібін тиімді іске асыруға жәрдемдесудегі Парламент пен парламентаралық ынтымақтастықтың рөлін, сондай-ақ парламенттік процестердегі әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, орнықты даму саласындағы ұлттық мақсат мен міндеттерге қол жеткізудегі Парламент пен азаматтық қоғамның әріптестігін одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Форумға саяси және қоғам қайраткерлері, орнықты даму саласындағы шет елдердің жетекші халықаралық сарапшылары, сондай-ақ халықаралық үкіметтік емес ұйымдар мен жастар Парламенттерінің өкілдері қатысты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -