Қазақстан мен Сербия: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері

7535
Фотосурет: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Белградқа ресми сапары барысында Сербия Республикасының Президенті Александр Вучичтің қабылдауында болды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында Сербия мемлекетінің басшысы А. Вучич екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін, аса жоғары және жоғары деңгейлерде орнықты саяси диалогты дамытуды, сондай-ақ екі елдің екіжақты форматта да, халықаралық құрылымдар шеңберінде де тиімді өзара іс-қимылын қанағаттанушылықпен атап өтті.

ҚР СІМ басшысы М. Нұртілеу Сербия Президентіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектері мен жылы лебіздерін жеткізіп, Мемлекет басшысының келесі жылы Астанаға сапармен келуге шақырғанын айтты.

Қазақстандық дипломат сұхбаттасын өзінің серб әріптесімен өткен келіссөздер жөнінде, оның барысында жан-жақты байланыстарды жандандыру бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілгені туралы хабардар етті.

«Астана мен Белградтың ортақ мүдделерге негізделген сенімді қарым-қатынастармен мақтануға толық негіз бар» Мұрат Нұртілеу 

Сұхбаттастар екі елдің әскери-техникалық салада, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, туризм, білім беру және мәдениет салаларында ынтымақтастық перспективаларының бар екенін атап өтті. 

Кездесу барысында сондай-ақ жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері туралы пікір алмасу өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -