Экономикалық ынтымақтастық: Қазақстан мен Чехия бизнес-форумда

4906
Фотосурет: invest.gov.kz

Прагада Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Нәзира Нұрбаеваның, Чехияның Индустрия және сауда министрі Петр Трешняктың және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Руслан Ибраимовтың қатысуымен Қазақстан-Чехия бизнес форумы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Форум екі ел арасындағы экономикалық байланысты кеңейтуге, қазақстандық және чехиялық кәсіпкерлердің іскерлік байланыстары мен өзара тиімді ынтымақтастығын дамытуға бағытталды.

Шараны Қазақстанның Чехиядағы Елшілігі мен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырды. Онда «Қазақстан инженер-механиктері одағы», «CzechInvest», «Skoda Transportation» және «Transco Bohemia» жетекшілері, сондай-ақ екі елдің мемлекеттік органдары мен жеке бизнесінің бірқатар басқа да өкілдері сөз сөйледі. Жалпы форумға екі елден 100-ден астам бизнес өкілдері қатысты.

Форумға қатысушылардың пікірінше, бұл шара екі елдің бірлескен жобаларды жүзеге асырудағы ортақ белсенді мүддесін тағы бір мәрте көрсетті. Қазақстанның Шығыс Еуропадағы стратегиялық серіктесі бола отырып, Чехия Қазақстанға 308 миллион доллардан астам инвестиция салды.

Business-forum-30.jpg

Н.Нұрбаева өз сөзінде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті. Ол сондай-ақ чех бизнесін Қазақстанда инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

«Біз чех бизнесінің Қазақстанда бірлескен жобаларды бастауға деген қызығушылығының артып келе жатқанын көріп отырмыз. 2023 жылдың 9 айында елдер арасындағы тауар айналымы 77,6%-ға өсіп, 482 млн долларға жетті. Қазақстан-Чехия инвестициялық жобаларының портфелі машина жасау, ауыл шаруашылығы, қорғаныс өнеркәсібі және логистика салаларындағы жалпы сомасы 135 млн доллардан асатын 10 жобадан тұрады. Дегенмен, біздің экономикалық байланыстарымызды кеңейту және тереңдету үшін әлі де пайдаланылмаған әлеуетіміз бар» Нәзира Нұрбаева

Business-forum-53.jpg

Іс-шара соңында екіжақты ынтымақтастық мүмкіндіктерін тереңірек талқылау үшін В2В форматында екіжақты кездесулер өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -