Қазақстан армиясы күрестен әлем чемпионатында 8 медаль жеңіп алды

9207
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бұл – олардың Бакуде күрестен өткен XXXVI әлем чемпионатындағы нәтижесі, деп хабарлайды DKNews.kz.

CISM халықаралық әскери спорт кеңесі мен Әзербайжан Қорғаныс министрлігі ұйымдастырған чемпионатқа 18 елден 300-ден астам спортшы қатысты.

Грек-рим стиліндегі армия балуаны Аманғали Бекболатов 55 келі салмақ дәрежесінде Иран, Ресей, Түркия спортшыларынан басым түсті. Ол шешуші жекпе-жекте Әзербайжан балуаны Фарида Садиклиді жеңіп, әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.

Еркін күрестен өткен жарыс тұғырының екінші сатысына Рүстем Мырзағалиев (79 кг), Айнұр Әшімова (57 кг) және Ирина Кузнецовалар (62 кг) көтерілді. Ал қазақстандық балуандар Нұрсұлтан Азов (125 кг), Мейіржан Әшіров (70 кг), Әділ Оспанов (65 кг) және Дәулет Теміржанов (57 кг) қола жүлдегер атанды.

Айта кетейік, жарысқа Қазақстан Қарулы күштерінің командасы еркін және грек-рим күресінен он тоғыз балуан апарған болатын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -