Белгілі қазақстандық әртіс Димаш Құдайберген мәдениет және шығармашылық саласындағы үздік жетістіктері үшін «Карич» Қорының сыйлығының лауреаты атанды. Салтанатты марапаттау рәсімі Сербия астанасының Ұлттық театрында өтті. Қордың атқарушы кеңесінің пікірінше, әлемге әйгілі әншіні марапаттау оның ерекше талантын құрметтеу ғана емес, сонымен қатар, екі достас ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту қадамы болып табылады, деп хабарлайды DKNews.kz.
Димаш Құдайберген аталған марапатқа өзінің кандидатурасын Қордың жыл сайынғы 26-шы сыйлығының номинанттар тізіміне енгізгені үшін алғысын білдірді.
Қазақстандық әртіс өз репертуарындағы әндермен көрермендерді қуантты, оның ішінде серб аудиториясын баурап алған «Самалтау» қазақ халық әнін орындады.
«Ағайынды Карич» Қоры 1979 жылы шығармашылық таланттарды қолдау, Сербияның ғылыми және технологиялық әлеуетін халықаралық деңгейде ілгерілетуге жәрдемдесу, ел жұртшылығын әлемдік мәдениеттің жетістіктерімен таныстыру мақсатында құрылды.
Аталған қордың сыйлығына бұрын физика саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Ж.Алферов, әдебиет салаасындағы Нобель сыйлығының лауреаты П.Хандке, ТҮРКСОЙ-дың бұрынғы Бас хатшысы Д.Касеинов, кинорежиссер Э.Кустурица, белсенді М.Мазари, теннисші Н.Джокович, актер С.Сигал сияқты әлемге әйгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері ие болған 150-ден астам дарынды адамдар.
Дәстүр бойынша марапаттау Белград Ұлттық театрында өтеді және елдің орталық мәдени оқиғасы болып табылады.