Жасыл перспективалар: климаттың өзгеруіне қарсы елдердің стратегиялары

5423
Фотосурет: Gov

СОР28 алаңында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының Хатшылығы ұйымдастырған іс-шараға қатысты, ол климаттың өзгеруіне қарсы неғұрлым ауқымды және жеделдетілген іс-қимылдар үшін елдік салалық бағдарламаларға арналған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бұл трансформация экономикалық тиімді саясатты, инвестицияларды және әлеуетті арттыру жөніндегі іс-шараларды кешенді және үйлестірілген жүзеге асыруды талап етеді.

Көпжақты даму банктері ел деңгейінде жұмыс істеу арқылы осы трансформацияны қолдау үшін бірегей мүмкіндіктерге ие. Іс-шарада бағдарламалық тәсілдерді қолдану мәселелері, сондай-ақ қаржы институттары мен басқа да халықаралық мүдделі тараптар осы әзірлемелерді қалай қолдайтыны талқыланды.

Инвестицияларды жұмылдыру мәселесі бойынша Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) атқарушы директоры Фатих Бирол, Египеттің халықаралық ынтымақтастық министрі Рания Әл-Машат сөз сөйледі.

Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АПИИ) Президенті Джин Лицюнь бағдарламалық тәсілдер арқылы елдерді қолдау туралы пікірімен бөлісті.

Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті Одиль Рено-Бассо климаттың өзгеруіне қарсы іс-қимылды масштабтау туралы жеке сектордың пікірімен бөлісті.

Солтүстік Македонияның қоршаған ортаны қорғау және қала құрылысы министрі Катя Жукова да қатысты, ол елдердің үміттеріне назар аударды.

Өз кезегінде Ерлан Нысанбаев метан шығарындыларын азайту жөніндегі жаһандық міндеттеме бойынша Қазақстанның қосылатынын жариялады және осы бағыттағы ынтымақтастыққа шақырды. Ол сондай-ақ өз сөзінде технологияларды беру және әлеуетті арттыру және дамыған елдердің қолдауы қажеттігін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -