Қазақстан мен Иран: ынтымақтастық және қарым-қатынастарды дамыту перспективалары

7513
Фотосурет: ҚР СІМ

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Каспий маңы елдерінің Сыртқы істер министрлерінің отырысы шеңберінде Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир Абдоллахианмен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

ҚР СІМ басшысы Иран өңірдегі аса маңызды серіктестердің бірі екенін және біздің елдерімізді мәдени және тарихи мұраға негізделген бауырластық қатынастар байланыстыратынын атап өтті.

«Біздің екіжақты саяси диалогымыз өзара тиімді дамудың жоғары динамикасын көрсетуді жалғастыруда» Мұрат Нұртілеу 

Сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандыруға ерекше назар аударылды. Тараптар қолда бар әлеуетті іске асыру бойынша нақты қадамдар қабылдау қажеттігі туралы келісті. Қазақстандық тарап экспортталатын өнім тізбесін жалпы сомасы 250 млн АҚШ доллары құрайтын 75 тауар позициясына кеңейтуге дайын екенін білдірді.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өзара тиімді екіжақты қатынастарды бірлесіп ілгерілетуге күш салуға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -