АЖТ АӨСШК: Астанада өткен отырыста қандай шешімдер қабылданды?

5060
Фотосурет: Gov

Онлайн форматында ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елші Талғат Қалиевтың төрағалығымен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Арнайы жұмыс тобының (АЖТ) отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Отырыс барысында қатысушылар 2024 жылға арналған сенім шараларды іске асыру бойынша жылсайынғы жоспар жобасын, АӨСШК бюджетін, сондай-ақ «Табиғи апаттарға қарсы күрес» және «Қоршаған ортаны қорғау» басым салаларындағы тұжырымдамаларын қарастырды.

Кездесудің қорытындысы бойынша АЖТ қатысушылары АӨСШК Аға лауазымды тұлғалар комитетіне (АЛТК) ү.ж. 12 желтоқсанда өтетін кезекті АЛТК отырысында аталған мәселелер бойынша шешім қабылдауға ұсыныс жасады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -