ҰҚШҰ-ның Ауғанстан бойынша жұмыс тобының отырысы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.
Отырысқа Хатшылықтың, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ТҚО, БҰҰ-ның Орталық Азия үшін алдын-алу дипломатиясының аймақтық орталығы (UNRCCA), Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің үйлестіру қызметінің өкілдері қатысты.
Ауғанстандағы ағымдағы ахуал және оның өңірлік қауіпсіздікке әсері туралы пікір алмасылды.
Қазақстан СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Талғат Қалиев өз сөзінде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің Ауған мәселесі бойынша ұстанымдарын одан әрі шоғырландырудың маңыздылығын атап өтті. Ол 2024 жылы ҰҚШҰ-ға төрағалық ету қарсаңында Қазақстан Орталық Азиядағы ұжымдық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету бойынша барлық күш-жігерін салатынын атап өтті.