Қазақстан мен Қытай жасыл энергетикадағы ынтымақтастық туралы уағдаласуда

6083

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев «Энергетикалық ауысу және қауіпсіз даму үшін практикалық ынтымақтастық» тақырыбындағы 10-шы Энергетикалық компаниялар басшыларының халықаралық форумына қатысты, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталған форум ҚХР Энергетика жөніндегі мемлекеттік басқармасы мен «CNPC» Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясымен ұйымдастырылып, энергетикалық ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға бағытталды.

Іс-шараға ҚХР Мемлекеттік энергетика басқармасының, Шаньдун өлкесі үкіметінің, ҚХР Даму және реформалар жөніндегі мемлекеттік комитетінің, қытайдың «CNPC», «Sinopec», «CNOOC», «PetroChina International», «PipeChina», «China Huaneng», «Goldwind» сияқты ірі мұнай-газ компанияларының, жетекші талдау орталықтары мен зерттеу институттарының, соның ішінде «S&P Global Commodity Insights», «Forecast Think Tank», «ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің зерттеу орталығының» басшылары, сондай-ақ Қытайда аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың өкілдері қатысты.

Форумның ашылу салтанатында Ш.Нұрышев екі елдің мұнай-газ ынтымақтастығы саласындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын атап өтті. Қазақстан мен Қытайдың мұнай және газ саласындағы ынтымақтастығы өзара тиімді және стратегиялық сипатқа ие екенін жеткізді. Қазақстандық дипломат еліміздің Қытаймен тек мұнай-газ саласында ғана емес, сонымен қатар жаңартылатын энергия көздерін және жасыл экономиканы дамыту саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге дайындығын атап өтті. Сондай-ақ, 2023-2027 жылдарға арналған Қазақстан Үкіметі бекіткен инвестиция көлемі 37,3 млрд. долларға жетуі көзделген ірі мұнай-газ және мұнай-химия жобаларын дамыту жөніндегі кешенді жоспар туралы хабардар етті.

Іс-шара аясында «жасыл» және төмен көміртекті даму, жаңа энергетикалық технологиялар, ESG қағидаттарын енгізу мен жаһандық мұнай-газ нарығының үрдістері тақырыптарын қозғайтын қатарынан 4 бірдей сессиялары өткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -