"Астана Опера" балетінің әртісі "Одиссея-Arts" арт-олимпиадасын жеңіп алды

8470
Фотосурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

«Астана Опера» театрының балет әртісі Қуат Кәрібаев «Одиссея-Arts» Халықаралық көпжанрлы арт-олимпиаданың «Хореография» номинациясында I дәрежелі лауреаты атанды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Арт-олимпиадаға отбасылық фольклорлық ұжымдар мен түрлі жастағы нақты орындаушылар қатысты. Олар ұзақтығы 5 минуттан аспайтын, ал «Театр өнері» номинациясында ұзақтығы 10 минуттан аспайтын бір-бір нөмірден ұсынды.

«Арт-олимпиаданың ұйымдастырушысы Кремль сарайы сахнасындағы гастроль аясында менің Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы» балетіндегі өнер көрсетуімді көріп, байқауға қатысуға ұсыныс білдірді.  Байқауға арналған нөмір А.Аданның «Корсар» балетінен па-де-дені дайындадым. Еңбегімнің халықаралық деңгейде бағаланғанына қуандым, мұндай құрмет әрбір әртісті шабыттандырады» Қуат Кәрібаев

«Одиссея-Arts» көпжанрлы арт-олимпиадасы «Білім, мәдениет және өнердің көпұлтты қоғамды дамыту факторы ретіндегі интеграциясы» халықаралық ашық форумы аясында өнердің әр түрін орындаушыларды, сондай-ақ түрлі мәдениеттер мен ұлт өкілдерін біріктіру мақсатында ұйымдастырылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -