Қазақстан мен Қытай: сауда-экономикалық қатынастардағы жаңа перспективалар

414
Фотосурет: ҚР СИМ

Астанада QazTrade және ҚР Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен Қытай - Қазақстан сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша экспорттаушылардыңекінші форум-конференциясы өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараға Сычуань және Хубэй провинцияларының іскер топтарының өкілдері, оның ішінде 200-ге жуық кәсіпкер, сондай-ақ салалық қауымдастықтардың басшылары, Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларының өкілдеріқатысты.

Экспорт мәселелері бойынша панельдік сессияны ашылу кезінде «QazTrade» АҚ Бас директоры Жеңіс Өсербай қазақстандық тауар өндірушілердің жоғары әлеуетін атапөтті. Қытай нарығының тауарларға деген қажеттілігі орасан зор және Қазақстан бұлсұраныстың бір бөлігін, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өнімдеріне жабуы мүмкін. Жыл сайын Қытай провинциялары біздің нарыққа көбірек қызығушылық танытуда, мұнысауда көлемі дәлелдеп отыр.

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиевтің сөзінше, өткен жылдың қорытындысы бойынша екі тараптың бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде Қытайды Қазақстанның сауда серіктестері арасында бірінші орынға шығарды. Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 2023 жылдың қорытындысы бойынша рекордтық $31,5 млрд-қа жетті.

«Қытаймен өзара іс-қимыл - әлемдегі ең ірі инвесторлар мен жетекші экономикалардың бірі Қазақстан үшін тұрақты прогресс пен сауда-инвестициялық әлеуетті іске асырудың ұзақ мерзімді факторы. Өткен жылы біз Қытай нарығына еркін экспорттай алатын агроөнімдер тізбесін кеңейттік» Арман Шакқалиев

Сонымен қатар, отандық кәсіпорындар 135 тауар позициясы бойынша $1 млрд қаражат көлемінде Қытайға өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өнімдерінің кең ассортиментін жеткізуге қауқарлы.

Екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық аймақтандыру қағидаты бойынша құрылуда.

​​«Біз Қытайдың ең ірі 3 провинциясының құрамына кіретін Сычуань провинциясымен белсенді жұмысты бастадық. Бүгінде Қазақстан мен аталмыш провинция арасындағы сауда шамамен $230 млн құрайды, оның ішінде Қазақстан $45 млн-ға өнім экспорттайды» Арман Шакқалиев

Ол сондай-ақ 40-тан астам қазақстандық компаниялардың қатысуымен Чэндудағы соңғы сауда миссиясы Қытай нарығына сұраныс пен отандық тауарлар үшін экспорттық мүмкіндіктердің ауқымын көрсеткенін атап өтті. Сычуань провинциясы май, астық өнімдері, сусындар, кондитерлік өнімдер мен басқа да тауарлардың ауқымды көлемін сатып алуға дайын. Жақын арада Qaztrade сауда өкілдігі Сычуань провинциясындағы қытайлық серіктестермен бірлесіп жұмыс істей бастайды, онда экспорттық оператор қазақстандық кәсіпорындар мен Қытайдың ірі компаниялары арасындағы байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады.

Форум аясында «QazTrade» АҚ мен Қытайдың халықаралық саудаға жәрдемдесу жөніндегі кеңесі (Сычуань кеңесі), сондай-ақ Hubei Enterprise International Cooperation of China қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Orbis Kazakstan компаниялар тобы Sichuan Kaiyi International Co., Ltdкомпаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұдан басқа, «Азық-түлік корпорациясы» АҚ және Jinmaisui Group Gangwei қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мақсатында өзара іс-қимыл туралы келісті.

Экспорттаушылар форумы шеңберінде B2B форматында екіжақты келіссөздер өтті, оның нәтижелері бойынша Қазақстан мен Қытай бизнес өкілдері жалпы сомасы $164,5 млн тауарларды жеткізуге шарттар жасасты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -