Societe Generale Қазақстан өнеркәсібіне салынған инвестициялардың перспективаларын қарастырады

976
Фотосурет: Gov

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Societe Generale қаржы институты өкілдерімен кездесу өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Азамат Панбаев Societe Generale қаржы институты өкілдерімен кездесу өткізді. Негізгі мақсат - басым инвестициялық жобалардың тізімін қарастыру, жобаларды қаржыландыру жөніндегі жоспарларды дамыту.

Societe Generale тобы - әлемдегі ең көне және ең үлкен банк құрылымдарының бірі, 1864 жылы құрылған. Филиалдар мен еншілес компаниялар және банктер желісі арқылы әлемнің 66 елінде қызмет атқарады. Сосьете Дженералдың бас кеңсесі Парижде орналасқан. Негізгі міндеті корпоративтік және инвестициялық банктік қызметтер.  

Кездесу барысында Өнеркәсіп комитетінің төрағасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің жауапты салаларын таныстырды. Машина жасау, металлургия, өңдеу өнеркәсібі, химия өнеркәсібі жобалары үшін шетелдік инвестицияларды тарту маңыздылығына тоқталды. Societe Generale тобы Орталық Азия және Кавказ өңірінің басшысы Тейба Гулиева  өз кезегінде қаржыландыруға жататын негізгі өнеркәсіп жобаларын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша қаржы институтының өкілдері Қазақстанмен арадағы әріптестіктің маңыздылығын атап өтіп, сонымен бірге перспективалы жобаларға инвестиция салуға ынталы екенін білдірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -