Қауіпсіздікті нығайту: азаматтық авиацияны қорғау жөніндегі кездесудің нәтижелері

338
Фотосурет: Gov

Орталық Азия мен Кавказ елдері азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау жүйесін жақсарту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

4-5 сәуірде Алматыда Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан авиациялық биліктерінің тұрақты өкілдерінің, сондай-ақ Молдова өкілінің бақылаушы ретінде қатысуымен авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобының екінші отырысы өтуде.
Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобы 2022 жылы құрылды және ИКАО-ның Авиациялық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық жоспарының негізгі басымдықтарына қол жеткізуге және ИКАО стандарттары мен ұсынылған тәжірибесін сапалы енгізуге бағытталған.

Отырыс шеңберінде Үйлестіру тобына қатысушы елдердің ИКАО авиациялық қауіпсіздігі жөніндегі аудитке дайындық, авиациялық қауіпсіздік желісі бойынша заңнаманы үйлестіру мәселелері қаралатын болады. Бұдан басқа, көрші елдердің авиациялық билігі азаматтық әуе кемелерінің және әуежайларды пайдаланушылардың қауіпсіздік мәдениетін енгізу процестері мен бағалау іс-шараларының тәжірбиесін зерделейтін болады.

Сондай-ақ қатысушыларға қазақстандық тараптың Еуразиялық азаматтық авиация конференциясын (EurAsian Civil Aviation Conference) құру туралы бастамасы жеткізілді.

Үйлестіру тобының жұмысы қатысушы елдердің авиациялық әкімшіліктері арасындағы жақсы қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты дамытуға және ИКАО авиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің Жаһандық жоспарын іске асыру шеңберінде азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау жүйесін жақсартуға ықпал ететін тағы бір қадам болып табылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -