Президент Әкімшілігімен келісім бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен полковник Жұматаев Абзал Ғабдоллаұлы ҚР ІІМ Ұлттық ұланы Бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды DKnews.kz.
Жаңадан тағайындалған офицерді ҚР Ұлттық ұланында өткен Әскери кеңесінде Бас қолбасшылықтың басшылық құрамына Ішкі істер министрі генерал-лейтенант Ержан Сәденов таныстырды.
1997 жылдан бастап мансаптық жолын бастаған полковник Абзал Жұматаев өзін Ішкі істер органдары жүйесінде әртүрлі басшылық лауазымдарда қызмет еткен тәжірибелі офицер ретінде танытты.