Тоқаев пен Ердоған стратегиялық ынтымақтастықты талқылады

318
Фотосурет: СР

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мемлекеттер басшылары бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтап, Қазақстан мен Түркия халықтарына бақ-береке тіледі.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі ахуалға байланысты қолдау көрсеткені үшін Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтты.

Қазақстан Президенті Түркия Республикасымен бауырластық қатынасты, сондай-ақ екі ел халықтары арасындағы тұрақты ынтымақтастық пен өзара тілеулестікті жоғары бағалайтынын мәлімдеді.

Әңгімелесу барысында президенттер екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселесін талқылап, алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін  қарастырды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -