Цифрлық технологиялар Қазақстан экономикасын қалай өзгертеді

5808
Фотосурет: kdb.kz

ҚДБ DBK Talks пікірталас алаңын ұйымдастырды, деп хабарлайды DKNews.kz.

6 маусымда «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ («Бәйтерек» холдингінің еншілес құрылымы) алаңында «DBK Talks: Цифрлық даму панельдік сессиясы өтті, оған цифрлық технологиялар мен инновациялар саласындағы жетекші сарапшылар, мемлекеттік органдар өкілдері және қаржы секторының ойыншылары қатысты.

«ҚДБ инновациялық жобаларды белсенді қолдап, экономиканың түрлі салаларына, соның ішінде өз қызметіне озық технологияларды енгізуге ұмтылады. Банктің жаңа стратегиясында IT-инфрақұрылымды дамыту және цифрлық шешімдерді енгізу негізгі бағыттардың бірі ретінде айқындалған. Инновациялар мен цифрлық технологияларды енгізу болашақтың сын-тегеуріндеріне дайын неғұрлым икемді және динамикалық экономиканы құра отырып, даму үшін жаңа мүмкіндіктер ашады» Банктің Басқарма төрағасы Марат Елібаев

Панельдік сессияда ҚР Үкіметі Аппаратының Бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Бақтияр Мұхаметқалиев, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Ростислав Коняшкин, Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Жәннат Дүбірова, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Үсен Ғалым, «Astana Hub» IT-стартаптар халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев және «ҚР ҰБ Ұлттық төлем корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының жасанды интеллект мәселелері жөніндегі кеңесшісі Арман Асакаев сөз сөйледі.

IMG_200333.jpeg

ҚДБ алаңында спикерлер компаниялардың жасанды интеллектті енгізуге, үлкен деректерді басқаруға, мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға және басқаруға, стартаптардың цифрлық экожүйесіне және финтех-шешімдерге дайындығы сияқты цифрлық трансформацияның өзекті мәселелерін талқылады. Панельдік сессия қатысушылары тәжірибе алмасып, бизнес-процестерді жақсартуға және түрлі салалардың тиімділігін арттыруға ықпал ететін цифрлық шешімдерді енгізудің табысты кейстерін ұсынды.

Аудитория сұрақтары цифрлық технологияларды дамытудың стратегиялық мәселелерінен бастап оларды экономикаға енгізудің тәжірибелік аспектілеріне дейінгі тақырыптардың кең ауқымын қамтыды. DBK Talks талқылауы цифрлық бастамаларды тиімді ілгерілету және ел экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдар, бизнес және қоғамдық ұйымдар арасындағы өзара іс-әрекеттің одан әрі даму қажеттілігін анықтады.

IMG_6746.JPG

«DBK Talks»: Цифрлық Даму» сессиясының негізгі мақсаттарының бірі – Қазақстанның цифрлық қоғамдастығының әртүрлі қатысушылары арасында озық тәжірибе және идеямен алмасуды ынталандыру. Цифрлық даму экономикалық көрсеткіштерін арттыру және Қазақстанның жаһандық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін нығайту үшін негізгі фактор болып табылады. ҚДБ ашықтық қағидаттарын ұстана отырып, қызметті жетілдіру мақсатында «DBK Talks» сессияларын басқа да өзекті тақырыптарда өткізуді жалғастырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -