ЕАДБ Еуразиядағы сауда байланыстарын нығайтады

11330
Фотосурет: Gov

Бүгін ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбеил халықаралық  Бизнес-форумның ашылуында Қазақстан Республикасының Премьер- Министрі О.А. Бектеновтың атынан құттықтау сөз сөйледі, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сөз сөйлеу барысында Еуразия даму банктің қатысушы мемлекеттердің экономикалық дамуының ауқымды жоспарларын іске асырудағы және Еуразиялық интеграцияны тереңдетудегі рөлі атап өтілді. Оның жобаларының үштен екісіне жуығы интеграциялық әсерге ие, бұл аймақ мемлекеттері арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың кеңеюіне ықпал етеді.

Қаржы вице-министрі Бизнес-форумның маңыздылығын атап өтіп, оның жоғары деңгейде табысты өтуіне сенім білдірді.

Дәурен Кеңбеил Ислам даму банкі институты мен Еуразия даму банкі бірлесіп ұйымдастырған «Орталық Азиядағы исламдық қаржы» панельдік сессиясына қатысты.

«Қазақстан жеке жобалар үшін де, мемлекеттік жобалар үшін де баламалы қаржыландыру көздерінің пайда болуы мақсатында исламдық қаржы индустриясын дамытуды жоспарлап отыр»  Дәурен Кеңбеил

Сонымен қатар, Бизнес-форум аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізілді.

Ресей Қаржы министрінің орынбасары И.А. Чебесковпен кездесуде қаржылық ынтымақтастық саласындағы екіжақты қатынастарды дамыту, даму институттарының қызметі шеңберіндегі өзара іс-қимылды нығайту мәселелері қаралды.

Тараптар кезекті Қазақстан-Ресей қаржы диалогы шеңберінде консультацияларды жалғастыруға келісті.

БРИКС Жаңа даму банкінің вице-президенті В.С. Казбековпен келіссөздер қорытындысы бойынша Тараптар халықаралық қаржы нарықтарындағы ағымдағы ахуал туралы, санкциялардың әлемдік экономикаға әсері мәселелері бойынша пікір алмасты.

Бизнес-форум 2024 жылдың 27-28 маусымында Алматы қаласында өтеді, іс-шараны Еуразиялық Даму Банкі ұйымдастырады.

Форумға билік органдарының, халықаралық ұйымдардың және  бизнес-қоғамдастықтың өкілдері қатысады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -