Қазақстан Халықаралық қауіпсіздік форумында: Бейжіңдегі негізгі кездесулер

10527
Фотосурет: Gov

Қазақстан Қорғаныс министрі Бейжіңде ХІ-ші Сяншань форумының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қытай Халық Республикасының Қорғаныс министрі адмирал Дун Цзюньнің шақыруымен  Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов бастаған Қазақстанның әскери делегациясы халықаралық қауіпсіздік жөніндегі «Сяншань» форумының жұмысына қатысты. 

Форум аясында ҚХР және Моңғолия қорғаныс ведомстволарының басшыларымен және ҚХР Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары генерал-полковник Чжан Юсямен екіжақты жұмыс кездесулері өткізілді.

Сапар барысында бірқатар қорғаныс нысандарына бару жоспарланған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -