Қазақстан мен Әзірбайжанның медициналық ынтымақтастығындағы жаңа қадамдар

8349
Фотосурет: Gov

Қазақстан Елшісі Әзербайжан Денсаулық сақтау министрімен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Әлім Байел Әзербайжанның Денсаулық сақтау министрі Теймур Мусаевпен кездесті.

Қазақ дипломаты екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейі мен динамикасын атап өтті. Елші емдік туризм мақсатында Әзербайжанға келетін қазақстандықтар санының жыл сайын артып келе жатқанына, өз кезегінде Әзербайжан азаматтарының Қазақстанның медициналық оқу орындарында табысты білім алып жатқанына назар аударды.

Әзербайжандық министр екі ел арасында денсаулық сақтау саласындағы қатынастарды дамыту үшін үлкен әлеуеттің бар екендігін атап өтті. Т. Мусаев елдеріміз дәрі-дәрмектерді өндіру бойынша бірлесіп жұмыс істей алар еді деген пікірін айтты. Сонымен қатар Министр медициналық мекемелерді аккредитациялау және сапасын бақылау саласындағы қазақстандық табысты тәжірибені зерделеуге және Әзербайжанда енгізуге қызығушылық білдірді.

Ә. Байел қазақстандық компаниялардың Әзербайжанда, оның ішінде Қарабақта медициналық нысандардың құрылысына атсалысуға дайын екенін мәлімдеді. Министр Т. Мұсаев бұл бастаманы оң қабылдап, осы бағытта ынтымақтастық жасауға дайын екендіктерін жеткізді.

Кездесу барысында Т. Мұсаев Әзербайжанның ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі елдер коалициясын құру туралы бастаманы қолдайтынын атап өтті. Медицина саласын халықаралық деңгейде дамытуға бағытталған бұл бастаманы Мемлекет басшысы 2023 жылғы 23 қазанда өткен Алматы декларациясының 45 жылдығына және Астана декларациясының 5 жылдығына арналған жаһандық конференция барысында ұсынған болатын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -