Түрік университеті Қазақстанда өзінің қатысуын кеңейтуде

8382
Фотосурет: Gov

Қазақстанда түрік университетінің филиалы ашылмақ, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев Түркияның жетекші жоғары оқу орындарынан бірі Гази университетінің ректоры Угур Уналмен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Түркия арасында білім саласындағы ынтымақтастықты дамыту, ғылыми-зерттеу және академиялық байланыстарды нығайту жолдары талқыланды.

Тараптар Гази университетінің Қазақстанда филиалын ашу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысына ерекше тоқталып, бұл бағытта бірлескен күш-жігер жұмсауға уағдаласты.

Сонымен қатар аталған жоғары оқу орнында қазақстандық студенттер санын ұлғайту және олардың қатысуымен түрлі іс-шараларды өткізу мәселелері талқыға салынып, екі елдің университеттері арасында тәжірибе алмасуды жандандыруға бағытталған нақты қадамдар белгіленді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -