Канаданың жаңа елшісі Қазақстанда жұмысқа кірісті

7227
Фотосурет: Gov

Канада Елшісі сенім грамоталарының көшірмелерін табыс етті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Канаданың Қазақстандағы жаңадан тағайындалған Елшісі Кристофер Дагганнан сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.

Тараптар Қазақстан мен Канада арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, ауыл шаруашылығы және білім беру салаларындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Алдағы жоғары деңгейдегі сапарлар мәселелеріне, сондай-ақ канадалық компаниялардың Астана қаласына және ү.ж. қыркүйек айында Алматы қаласында  өтетін KIOGE көрмесіне іскерлік миссиясына ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар саяси диалогты кеңейту және іскерлік, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту бойынша күш-жігерді жалғастыруға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -