Қазақстан мен БАӘ озық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

5423
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Елшісі Нажмедин Мұхаметәліұлы БАӘ Индустрия және озық технологиялар министрінің орынбасары Омар әл-Сувейдимен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында екі ел арасындағы өнеркәсіп және озық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.

Қазақстандық дипломат екіжақты экономикалық байланыстарды нығайтуға ниетті екенін атап өтіп, Қазақстанның ғылым, технология және өндіріс саласындағы елеулі әлеуетіне және осы салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктеріне назар аударды.

Өз кезегінде, О. әл-Сувейди Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында тараптар жемісті және өзара тиімді ынтымақтастықтың одан әрі дамуына сенім білдірді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -