Қарулы күштердің екі мыңнан астам сарбазы сағаттармен марапатталды

5192
Фотосурет: Gov

Қорғаныс министрлігі су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан мерзімді әскери қызметшілерді Қорғаныс министрінің атынан бағалы сыйлықтармен марапаттады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Көктемгі су тасқыны кезіндегі ең ауыр жүк елді мекендердің айналасын күшейткен, қолдан бөгеттер салған, гуманитарлық көмекті түсірумен айналысқан мерзімді қызмет сарбаздарының иығына түсті. Ел үшін қиын сағатта әскер халықпен бірге болды. Сондықтан сыйға тартылған сағаттар запасқа шығарылған әскери қызметшілерге сол қиын кезеңді, армияның күнделікті өмірін, командирлері мен әріптестерін еске салады Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев

Арнайы тапсырыс бойынша дайындалған қол сағаттарды тапсыру Қарулы күштердің барлық түрлерінде және әскер тектерінде салтанатты жиналыстарда, бөлімнің Жауынгерлік туымен қоштасу рәсімдерінде өтіп жатыр. Мұндай шараларға Қарулы күштердің ардагерлері, сарбаз аналары комитетінің өкілдері, ата-аналар, әскерге шақырылғанға дейінгі жастар және әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері қатысу үстінде.

Ақтауда Атырау облысында су тасқыны салдарын жоюға қатысқан 300-ден аса сарбаз Қорғаныс министрінің атынан қол сағаттарымен марапатталды.  Ақтөбе гарнизоны 30238 әскери бөлімінің 200-ден астам әскери қызметшісі де естелік сыйлықтар алды. Осындай шаралар барлық өңірлерде ұйымдастырылып жатыр.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -