ЕО Қазақстанның азаматтық қоғамды дамытудағы жетістіктеріне жоғары баға берді

5280
Фотосурет: Gov

ҚР МАМ-да еуропалық әлеуметтік-экономикалық комитет мүшелерімен кездесу өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов азаматтық қоғам дамуындағы жетістіктері мен Қазақстанның отбасылық және гендерлік саясатының негізгі бағыттарын сөз етті.

Евгений Кочетов азаматтық қоғаммен өзара байланыс бағытындағы оң бастамалар жөнінде атап өтті. Атап айтқанда, Мемлекет басшысының бастамасымен құрылған Ұлттық құрылтайды тілге тиек етті. Бұл – қоғамның ең беделді өкілдері кіретін бірегей консультативтік-кеңесші орган.

Кездесуде адам құқықтарын қорғауға арналған заңнамалық реформалар мен басқа да тетіктер талқыланды.

Жиында Сыртқы істер министрлігі мен Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері де баяндама оқыды. 

Халықаралық сарапшылар қазақстандық әріптестерінің жұмысына жоғары баға берді.

Айта кетейік, Еуропалық әлеуметтік-экономикалық комитет – ЕО жанынан құрылған әртүрлі экономикалық және әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғайтын консультативтік орган.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -