Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Елшісі Айдарбек Тұматовтың Оман Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы шейх Файсал бен Абдалла Әл-Рауаспен кездесуі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.
Онда тараптар сауда-экономикалық саладағы келешегі зор бағыттар мен елдер арасындағы сауда айналымын ұлғайту жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды талқылады.
Оман тарапы Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп тауарларына қызығушылық танытып, жергілікті нарықтың қажеттіліктерімен танысу мақсатында қазақстандық кәсіпкерлердің делегацияларын Маскатта қабылдауға дайын екенін білдірді.
Қазақстан мен Оманның сауда-өнеркәсіп палаталары арасында ынтымақтастық туралы келісімге таяу арада қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.