Дүниежүзілік банк пен AFSA Орталық Азиядағы апаттар қаупін азайту және сақтандыру шараларын қаржыландыру тақырыбында өңірлік конференция өткізеді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Табиғи және техногендік апаттар бүкіл әлемде бойынша адамдарға, экономикаға және инфрақұрылымға қауіп төндіреді. Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша Орталық Азияда тек жер сілкінісі жыл сайын 2 миллиард доллар шығынға әкелуі мүмкін.
Дүниежүзілік банк АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетімен (AFSA) бірлесіп ұйымдастыратын Орталық Азиядағы апаттар қаупін азайту және сақтандыру жөніндегі шараларды қаржыландыру жөніндегі өңірлік конференцияда осы қатерлерді басқару тәсілдері мен оларға қаржылық дайындық талқыланатын болады.
Конференцияға қатысушылардың әртүрлі тобы, соның ішінде қаржы министрліктері, қарыздарды басқару ведомстволары, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою және жоспарлау министрліктері, орталық банктер мен сақтандыру секторының реттеушілері, жеке сақтандыру компаниялары мен кредиттік мекемелер, ғылыми орталар және қаржыландыру мен аймақтағы апаттар қаупін сақтандыру саласында жұмыс істейтін халықаралық ұйымдар қатысады.
Күні: 12-13 қараша, 2024ж.
Орны: АХҚО, AIX сауда залы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55/19, с 3.4 блогы
Уақыты: Астана уақыты бойынша 08:30-17:30 аралығы.