Тоқаев пен Санду сауда-экономикалық ынтымақтастықты талқылады

6831
Фотосурет: Akorda

СОР29 Дүниежүзілік климат саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Молдова Президенті Майя Сандумен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарды, ең алдымен, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейтудің мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесуде Майя Санду келесі жылы Астанада Молдова елшілігінің ашылуы елдеріміз арасындағы ықпалдастықты дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.

Сондай-ақ президенттер жоғары деңгейдегі сапарлар ұйымдастыруға уағдаласты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -