Мәдени диалог: Польшадағы Қазақ мемлекетінің көрмесі

6809
Фотосурет: Gov

Қазақстанның Польшадағы Елшілігі мен Польша Ғылым академиясы тарихи Сташиц сарайында «Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі тарих толқынында. XV-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталардағы Қазақ мемлекеті» атты картографиялық көрме және презентация ұйымдастырды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Көрменің ашылуында Польша Ғылым академиясының вице-президенті Мирослава Островска бұл шараның Қазақстан мен Польша арасындағы мәдени диалогты тереңдетудегі маңызды рөлін атап өтті.

Қазақстанның Польшадағы Елшісі Алим Кирабаев өз сөзінде көрмеде ұсынылған карталардың халықаралық қауымдастықтың Қазақстанды түрлі тарихи кезеңдерде қалай қабылдағаны туралы құнды ақпаратқа ие екенін атап өтті.

Іс-шара барысында ғылыми зерттеу авторы – Заманауи зерттеулер институтының директоры, Қазақстанның ізгі ниет елшісі, профессор Мұхит-Ардагер Сыдықназаров ғылыми баяндама жасады.

Ғалым поляк аудиториясына өзінің көпжылдық зерттеулерінің нәтижелері жөнінде, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттілігін бейнелейтін карталарды Еуропа, Америка және Таяу Шығыс елдерінің ұлттық кітапханаларында, мұражайларында және архивтерінде іздестіруі туралы толық баяндады.

М. Сыдықназаров карталардың мәдени және тарихи ақпараттың негізгі тасымалдаушылары ретіндегі маңыздылығын және олардың тек географиялық объектілер емес, сонымен қатар қазақ мемлекетінің дамуы мен оның бай мәдени мұрасының құнды дәлелдері екендігіне назар аударды.

Іс-шараға Польшаның академиялық қоғамдастығының, дипломатиялық корпусының және мемлекеттік мекемелерінің өкілдері қатысты.

Картографиялық көрме Қазақстан тарихына поляк ғалымдар мен студенттер арасындағы қызығушылықтың артуына ықпал еткен маңызды оқиға болды, бұл өз кезегінде Қазақстан мен Польша арасындағы мәдени диалогтың әрі қарай дамуына және бірлескен ғылыми жобалардың өрлеуіне септігін тигізуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -