Тоқаев IJF басшысымен дзюдоның дамуын талқылады

5830
Фотосурет: Akorda

Мемлекет басшысы Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визермен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Будапешт қаласындағы Халықаралық дзюдо федерациясының штаб-пәтеріне барды.

IJF басшысымен әңгімелесу барысында осы танымал спорт түрін елімізде дамыту перспективасы талқыланды.

Мариус Визер Қазақстан дзюдоны қолдауға арналған дәйекті шараларды жүзеге асырып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар спортшыларымыздың халықаралық жарыстардағы нәтижелеріне және Қазақстан дзюдо федерациясының жұмысына жоғары баға берді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -