Түрік өңірлері қазақстандық инвестициялар үшін ашық

6215
Фотосурет: Gov

Түркияның өңірлерінде Қазақстанмен серіктестікті нығайтуға ниет білдіруде, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Еркебұлан Сәпиев Мугла провинциясына жұмыс сапарының барысында Мугла провинциясының губернаторы Идрис Акбыйыкпен, Мугла провинциясы полициясының басшысы Али Джанболатпен, Сауда-өнеркәсіп палатасының директорлар кеңесінің төрағасымен Бюлент Каракушпен, сондай-ақ Сыткы Кочман атындағы Мугла университетінің ректоры Турхан Качармен және қазақстандық студенттермен кездесті.

Е. Сәпиев сұхбаттастарын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен елімізде жүргізіліп жатқан саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалардың негізгі бағыттары туралы хабардар етті. Түркияның жергілікті билігінің Қазақстан мен Түркия өңірлері арасындағы сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге көмек көрсетуге дайындығы аталып өтті.

Сонымен қатар түрік кәсіпкерлері перспективалық инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырылды. Өз кезегінде түрік бизнесінің өкілдері ынтымақтастыққа қызығушылық танытып, ауыл шаруашылығы, жеңіл өнеркәсіп және туризм салаларындағы инвестициялық мүмкіндіктерді қарастыруға келісті.

Мугла университетіне сапары аясында Е. Сәпиев қазақстандық студенттерге Республика күнін мерекелеуге белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттар табыс етті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -