Қазақстанның бизнесі Батыс Померанияға шығады

8646
Фотосурет: Gov

Қазақстан мен Польша арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды нығайту, сондай-ақ өңірлік деңгейде ынтымақтастықты дамыту мақсатында Батыс Померания астанасы Щецин қаласында Қазақстан күндері өткізілді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Екі күндік іс-шара аясында Батыс Померания воеводасымен, аймақ пен қала басшылығымен, сондай-ақ бизнес және іскерлік бірлестіктермен кездесулер өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Елшісі Әлім Кирабаев Батыс Померанияның порт инфрақұрылымын дамытудағы тәжірибесі Еуропа мен Азия арасындағы негізгі көлік дәлізі бола отырып, өзінің көліктік және логистикалық хабтарын белсенді дамытатын Қазақстан үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті. Осыған байланысты Щецин теңіз политехникасы базасында теңіз порттарында жұмыс істеу үшін қазақстандық кадрларды даярлау перспективалары талқыланды.

Бұдан басқа Қазақстан мен Батыс Померания бизнес өкілдерінің өзара сапарларын ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан өңірлерімен әріптестік орнату туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -