Шуша Марокко эстафетасын тапсырады: жыл қорытындысы және ИЫҰ жастарына арналған жоспарлар

20669
Фотосурет: Gov

Әзербайжанда «Шуша – Ислам ынтымақтастығы ұйымының жастар астанасы 2024» бағдарламасының жабылу салтанаты өтіп жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараға ИЫҰ-ға мүше елдерден 300-ге жуық делегат, оның ішінде креативті жастар, ғалымдар мен Қазақстанның жастар ұйымдарының өкілдері қатысуда.

Кездесудің мақсаты – ислам әлемі жастарының дипломатиялық дағдылары мен ынтымақтастығын дамытуға ықпал ету.

Бағдарламада іскерлік және шығармашылық алаңдар: SINA – жас ғалымдар форумы, жастар фестивалі, шығармашылық шеберхана, классикалық музыка бағытындағы жас орындаушыларының фестиваль-байқауы, шығармашылық марафон, ойын технологиялары бойынша G-Hub саммиті.

Басты отырыста қатысушылар 2024 жылғы ынтымақтастықты қорытындылады.  Сондай-ақ Әзербайжан эстафетаны Мароккоға тапсырды. 2025 жылы ИЫҰ-ның жастар астанасы осы елде болады.

Айта кетейік, ИЫҰ елдері арасында қарар мен ұйым жастарын дамытуға бағытталған бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -