Голан биіктігі: қазақстандық бітімгерлер мандатқа сәйкес функцияларды орындайды

12188
Фотосурет: Gov

Қазақстандық бітімгерлер қызмет ететін БҰҰ-ның Голан жоталарындағы (СОННР) жауапкершілік аймағындағы жағдай шиеленісті, бірақ тұрақты деп бағаланып отыр, деп хабарлайды DKnews.kz.

Миссияның жеке құрамы мандатқа сәйкес өз функцияларын орындауда. БҰҰ күштерінің ажырасуды бақылау жөніндегі уәкілетті тұлғалары сириялық және израильдік тараптардың өкілдерімен тұрақты байланыста.

Бітімгерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қажетті шаралар қабылданып жатыр.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жағдайдың дамуын бақылауда ұстап отыр. Голан жоталарындағы қазақстандық әскери қызметшілермен тұрақты байланыс орнаған.

Қажет болған жағдайда миссияны эвакуациялауды БҰҰ басшылығы миссия қолбасшылығының ұсынысы бойынша қарайтын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -