Италия елшісі Қазақстанның жаһандық логистика үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтті

3751
Фотосурет: TITR

Қазақстан – Еуропа мен Азия арасындағы жаңа орта дәліздің орталық дәнекері

Бұл туралы Қазақстандағы Италияның елшісі Марко Альберти «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Қайрат Сәдуақасовтың «Born Bold. Travel Boldcast» авторлық подкастында мәлімдеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Елші Қазақстанның стратегиялық маңыздылығына назар аударды. Ол Қазақстанның қатысуынсыз қазіргі Еуропаны Оңтүстік-Шығыс Азиямен және Қытаймен байланыстыратын жаңа орта дәліздің дамуы туралы айту мүмкін еместігін атап өтті.

«Қазақстан – бұл тоғысу нүктесі, Орталық Азияға кіретін қақпа. Егер сіз шығыстан батысқа немесе батыстан шығысқа қозғалаңыз келсе, Қазақстанды кесіп өтуіңіз керек. Бұл солтүстік пен оңтүстік бағыттардағы қозғалыстарға да қатысты. Оның қазіргі Еуропа құрлығын Оңтүстік-Шығыс Азия мен Қытаймен байланыстыратын орта дәліз деп аталатын жаңа бағыты бойынша маңыздылығы бар. Қазақстан екі жарты шар арасындағы осы орта дәліздің орталығында орналасқан. Бұл шағын ел емес, аумағы бойынша үлкен мемлекет. Демек, Қазақстанды кесіп өтпей, Еуропадан Азияға бара алмайсыз» Марко Альберти 

Айта кетейік, «Born Bold. Travel Boldcast» подкасты – Қазақстан туризміне арналған ағылшын тіліндегі алғашқы жоба. Оның мақсаты – Қазақстанды туристік бағыт ретінде дәріптеу, мәдениетімен, дәстүрлерімен және табиғи байлығымен терең таныстыру. Подкаст тыңдаушыларды Қазақстан туралы әңгімелесетін шетелдіктермен қызықты әңгімелерге тартады. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -