Жапон блогерінің объективі арқылы Қазақстанның сұлулығы

6457
Фотосурет: Kazakh Tourism

Жапондық блогер Юдзи Натсума Қазақстан туризмінің елшісі атанды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Австрияда танымал жапон блогері Юдзи Натсума «ҚР туризмі елшісі» мәртебесін иеленді

Құрметті миссия оған елімізді әлемге танытудағы үлесі үшін табысталды. Белгілі полиглот қазақ тілін меңгерген және әлемнің түкпір-түкпіріндегі өз оқырмандарын Қазақстанның бай мәдениетімен және табиғатымен танысуға шабыттандырады.

Блогер ұлттық дәстүрлерге және қазақстандық шоколадқа ерекше көңіл бөледі. Юдзи оларды өзінің әлеуметтік желілерінде белсенді түрде дәріптейді.
Венада тұратын жапон блогері Юдзи Қазақстанда 3 рет болған. Ол Kazakh Tourism ұйымдастырған ақпараттық турларға да қатысты. Бұл сапарлар оған Қазақстанды тереңірек танып-білуге мүмкіндік берді.

«Мен үшін  мұндай жауапты миссияны қабылдау – үлкен мәртебе. Одан көбірек контент жасап, Қазақстанның және қазақ халқының сұлулығын көрсетуге тырысамын» Юдзи Натсума 

Атап өткен жөн, 2018 жылдан бастап Kazakh Tourism «ҚР туризм елшісі» бағдарламасын жүзеге асырады. Оның мақсаты -  Қазақстанды тартымды туристік бағыт ретінде ілгерілету және әлемнің түкпір-түкпіріндегі саяхатшылардың назарын еліміздің табиғи және мәдени байлығына аудару.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -