Күн энергетикасына инвестициялар: Қазақстан мен Қытай алға қадам басуда

6644
Фотосурет: Gov

ҚР-дың ҚХР-дағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Қуаныш Амантай «LONGi Green Energy Technology» компаниясының Директорлар кеңесінің төрағасы Чжун Баошэнмен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында ҚР-да күн энергетикасы индустриясы саласындағы жобаларды іске асыру сұрақтары талқыланды.

«LONGi Green Energy Technology» басшылығы компания қызметінің негізгі салаларымен таныстырып, АҚШ, Малайзия және Вьетнамда іске асырылып жатқан инвестициялық жобалар туралы хабардар етті. Чжун Баошань компания күн батареяларын өндіру бойынша әлемде бірінші орында тұрғанын және осы өнімдерді өндірудің толық өндірістік тізбегі бар екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол компанияның жаңа бағыттары, соның ішінде сутегі мен метанол өндірісі туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Қ.Амантай сұхбаттасушыны Қазақстан Үкіметінің елдегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту бойынша қабылдаған шараларымен және ел экономикасының басым салаларындағы инвестициялық жобаларды қолдау шараларымен егжей-тегжейлі таныстырды. Тараптар Қытайдағы фотовольтаикалық панельдер өндірісі индустриясының ахуалын, Қазақстандағы жасыл энергетиканың дамуын, сондай-ақ ҚР-дағы инвестициялық жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалық бағыттарын одан әрі зерделеу мақсатында жұмыс байланыстарын жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізді, сондай-ақ компания басшылығының жақын арада ҚР-ға сапарын ұйымдастыруды ұсынылды.

«Longi Green Energy Technology» 1999 ж. құрылған және күн энергиясы технологиясының алдыңғы қатарлы компаниясы болып табылады.

Компанияның жарғылық капиталы 757 млрд.юаньды құрайды (104 млрд. долл.).

2024 ж. 3 тоқсанның қорытындысы бойынша компанияның таза пайдасы 1,2 млрд.юаньды (165 млн. долл.), ал операциялық кіріс 20,06 млрд.юань (2,7 млрд. долл.) құрады. Компания 2024 жылғы «Fortune China 500» тізімінде 178-ші орынға ие болды

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -