Қазақстан мен Қытай: Бейжіңде бірегей монография таныстырылды

6501
Фотосурет: Gov

«Бейжің халықаралық клубында» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институты шығарған «Әділетті Қазақстан және Қытай арманы: заманауи даму стратегиясының мүмкіндіктері мен перспективаларын талдау» ұжымдық монографиясының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шараға Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының директоры Серік Сейдуманов, ҚХР Сыртқы істер министрінің көмекшісі Лю Бинь және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Даму зерттеу орталығы жанындағы Еуропа мен Азияны дамыту институтының директоры Ли Юнцюань, сондай-ақ сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Қазақстан Елшісі өзінің құттықтау сөзінде кітаптың тұсаукесері екі мәнді күнге – ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Мемлекет басшысы ретіндегі Қытайға алғашқы сапарының бес жылдығына және ҚХР құрылуының 75 жылдығына орайластырылғанын атап өтті.

С.Сейдуманов қонақтарды монографияның негізгі мазмұнымен таныстырып, екі елдің дипломаттарына, сарапшыларына және мемлекет қайраткерлеріне кітап жазуға белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Кітапқа Қазақстан мен Қытайдың шамамен 30 жуық белгілі сарапшылары мен ғалымдарының мақалалары енген. Авторлар қазақ-қытай қарым-қатынастарының жай-күйіне өз бақылауларымен, тәжірибелерімен және талдауларымен, сондай-ақ оларды одан әрі дамыту бойынша болжамдармен бөлісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -