АХҚО активтерді басқару ережелерін жаңартты: не өзгерді?

5005
Фотосурет: Shutterstock

AFSA АХҚО-ның активтерді басқару жөніндегі заңнамалық базасын жетілдірді, деп хабарлайды DKnews.kz.

АХҚО-да активтерді басқару секторының дамуын және реттелетін нарық қатысушыларын қадағалау барысында жинақталған тәжірибені ескере отырып, АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) тиісті заңнамалық базаны жетілдіру мақсатында АХҚО-ның активтерді басқару жөніндегі актілеріне өзгерістер енгізді.

AFSA Кредиттік қорларды, Цифрлық активтер қорларын, Биржалық қорларды, Ақша нарығы қорларын, Инвестициялық токендерге және Жіктелген инвестициялық токендерге инвестициялайтын қорларды қосу арқылы АХҚО-да қолжетімді мамандандырылған қорлардың тізімін кеңейтті. Сектордың дамуы мен нарық қажеттіліктерін бағалауға жауап ретінде AFSA АХҚО-дағы мамандандырылған қорлардың ассортиментін кеңейту қажеттілігін мойындайды. Бұл инвестициялық мүмкіндіктерді әртараптандыруды қамтамасыз етеді және инвесторларға нақты секторлар мен стратегияларды ескере отырып, портфельдерді теңшеуге мүмкіндік береді. Қорлардың кеңірек тізімін ұсыну бәсекеге қабілеттілікті арттырады және реттеу икемділігін көрсете отырып, әлемдік инвестициялық трендтерге сай болады.

AFSA инвесторлар үшін мүмкіндіктерді кеңейтетін өзгерістерді енгізе отырып, қатысушылардың көбірек санын тарту үшін венчурлық капитал қорларының құрылымын жетілдірді. Қазіргі уақытта венчурлық капитал қорлары биржада бағасы белгіленбейтін компаниялардың акцияларына ерте сатыда инвестициялауға бағдарланған. Өзгерістер мұндай қорлардың халықаралық инвесторларды тартуға ықпал ететін кәсіби клиенттерге арналған шетелдік қорлар ретінде жұмыс істеу мүмкіндігін; бағасы белгіленетін компаниялардың бағалы қағаздары мен пайларын қоса алғанда, инвестициялық опцияларды кеңейтуді; сондай-ақ әртараптандыру мен тиімділікті арттыру үшін Master-Feеder құрылымын енгізуді қамтиды.

Қазіргі уақытта АХҚО Ұжымдық инвестициялық схемалар жөніндегі қағидалары АХҚО қорлар басқарушыларына, шетелдік қорлардың басқарушыларына және ұжымдық инвестициялық схемалардың маркетингімен айналысатын Орталық қатысушыларына қолданылады. Мүдделі тараптар арасында Орталық қатысушыларында лицензияның болуы қажеттілігі туралы туындаған сұрақтарға жауап ретінде қағидаларға тек AFSA тиісті реттелетін қызметті жүзеге асыруға лицензиялаған жеке және заңды тұлғалар ғана Орталық қатысушылары бола алатынын нақтылау мақсатында өзгеріс енгізілді.

АХҚО-ның Жалпы қағидаларынаАХҚО-ның Ұжымдық инвестициялық схемалар жөніндегі қағидаларына және Глоссарийге өзгерістер АХҚО-ның ресми сайтында жарияланған және 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -