Қазақстан мен Бразилия көпжақты форматтар аясында ынтымақтастықты нығайтуда

2222
Фотосурет: Gov

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин Бразилия Федеративтік Республикасының Елшісі Марсело Фортуна Биатомен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесу барысында тараптар саяси және сауда-экономикалық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, көпжақты форматтар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.

А.Рахметуллин биылғы жылы халықаралық сахнадағы бразилиялық дипломатияның белсенді рөлін атап өтіп, Белемдегі БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы (COP30) және Рио-де-Жанейродағы БРИКС саммиті сияқты алдағы іс-шаралардың сәтті өтуін тіледі.

Қорытындылай келе, тараптар екіжақты және көпжақты деңгейлерде өзара тиімді диалогты тереңдетуді жалғастыруға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -