Қазақстан мен Ресей қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

2288
Фотосурет: Akorda

Астанада Қазақстан мен Ресей Қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасында кеңейтілген жоспарлы консультациялар өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов пен Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Сергей Шойгудың төрағалығымен өткен келіссөздер барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Тараптар халықаралық және өңірлік қауіпсіздік саласының қазіргі жай-күйін қарады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өзара іс-қимылды нығайтуға қажетті шаралар жөнінде пікір алмасты.

Қауіпсіздік кеңестерінің аппараттары арасындағы консультациялар қабылданған ынтымақтастық жоспарына сәйкес тұрақты негізде өтеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -